Talent жобасы

"Erasmus+ TALENT" жобасы аясында Еуропалық және Орталық Азиялық серіктестер Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның алты университеттерінде Адами ресурстарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаларды енгізуде. Адами ресурстарды басқару қазіргі заманғы жеке және мемлекеттік ұйымдарда маңызды сараптамалық тәжірибе болып табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың ашықтығына және қызметкерлерге өз таланттарын дамытуға мүмкіндік береді. Берілген беттерде кадрлық әлеуетті басқару бойынша магистрлік бағдарламалармен, сондай-ақ оларды ұсынатын университеттер мен жобамен танысыңыз.

Бағдарламалық мәлімдеме

"TALENT Erasmus+" жобасының негізгі мақсаты (2018 ж. желтоқсан – 2022 ж. қараша) Орталық Азияның алты университетінде адами ресурстарды басқару бойынша екі жылдық магистрлік бағдарламаны құру болып табылады. Бельгиядағы, Болгариядағы, Германиядағы және Грециядағы ЕО университеттерінің басшылығымен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның алты университеті Орталық Азия өңірінде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бейімделген адами ресурстарды басқару идеялары мен тәжірибесін оқыту әрі зерделеу мақсатында инновациялық академиялық орта құруда. Студенттердің бірінші тобы оқуын 2020 жылдың қыркүйегінде бастайды деп күтілуде.
Өзінің мақсаттары мен оқытушыларға арналған тренингтер мен семинарлар сияқты іс-шараларының негізінде "TALENT" жобасы университеттер мен мемлекеттік және жеке субъектілер арасында адами ресурстарды басқару саласындағы ұзақ мерзімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін желіні дамытуға, сондай-ақ Орталық Азияда адами ресурстарды басқаруға мүдделі студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің серіктес университеттері арасында ұтқырлыққа ынталандыруға бағытталған.

Жоба

Орталық Азия елдерінде (ОА) білім беру жүйесі дамып келе жатқанына қарамастан, түлектердің едәуір бөлігі білікті жұмыс таба алмауы мен өз жұмысы аясында дағдыларын дамыта алмауына байланысты еңбек нарығының жұмысы бұзылуынан зардап шегуде. Бұл проблеманы Орталық Азияның мемлекеттік мекемелері мен жұмыс берушілері жиі мойындайды. Университеттер адами ресурстарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаларды даярлауда екі есе қызығушылық танытады: (а) түлектер жергілікті немесе ұлттық деңгейде адами ресурстарды басқару бағытындағы маман ретінде жұмысқа қабылдана алады, және (б) бұл түлектер университет аймағындағы еңбек нарығын зерттеп, жетілдіре алады. Алайда, адами ресурстарды басқару бойынша магистрлік бағдарлама жергілікті тәжірибе мен зерттеулерге бейімделіп, тиісті қолдау көрсетілген жағдайда ғана тиімді болып келеді. Соңғы тармақ ЕО университеттері және Орталық Азия университеттері арасындағы өзара ынтымақтастықты талап етеді. Бұл тұрғыда жоба үш негізгі мақсатты көздейді.

САҚТАУ

Адами ресурстарды басқару бағытындағы 8 курста Орталық Азияның 6 университетінен оқытушылар. ОА оқытушылары ЕО-ның адами ресурстарды басқару саласындағы зерттеулерімен және тәжірибесімен толығырақ танысатын болады. ОА оқытушыларына ЕО-да немесе Батыс контекстінде адами ресурстарды басқару маңыздылығын талқылау әрі салыстырмалы курстар дайындау ұсынылады Оқытушылар негізінен оқу бағдарламалары мен өз курстарына кіріспе мәтіндерді әзірлейтін болады.

ОРНАТУ

“TALENT” бойынша аккредиттелген магистрлік бағдарламалар. Толық оқу бағдарламасы жобаның 1-ші жылында жасалды. Бағдарлама студенттерге адами ресурстарды басқару саласында білім беруге бағытталған. Бұл оларға ұйымды ғылыми талдауға және қызметкерлердің жағдайын жақсарту, ұйымның экономикалық тиімділігін арттыру әдістерін құруға мүмкіндік береді.

ДАЯРЛАУ

ЕО және Орталық Азия мұғалімдерінің бейресми желісі. Берілген жоба аясында бірдей немесе ұқсас курстарда жұмыс істейтін ОА оқытушылары жұмыс топтарына біріктіріліп, ЕО оқытушыларының қатысуымен адами ресурстарды басқару бағытындағы семинарлар өткізіледі. Ғылыми пікірталас пен салыстырмалы адами ресурстарды басқару ынталандырылады. Жобаның 3-ші жылында желі ОА-да адами ресурстарды басқару саласындағы зерттеулерді жүйелеуге бағытталатын болады.

Еуропалық Одақ серіктесі

Брюссель еркін университеті

Брюссель еркін университеті (Брюссель, Бельгия) - 8 негізгі факультет, 144 оқу бағдарламасы мен 18000 студенттен тұратын халықаралық деңгейдегі университет. Жобаны басқаруды Брюссель еркін университеті жүзеге асырады.

Афина экономика және бизнес университеті

1983 жылы құрылған Афина экономика және бизнес университетінің зерттеу орталығы (Афина, Греция) басқа университеттермен, мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен, жеке кәсіпорындармен, халықаралық ұйымдармен әрі жеке білікті мамандармен жұмыс істейді.

Отто фон Герике университеті

1993 жылы құрылған Отто фон Герике университеті (Магдебург, Германия) медицина, экономика және гуманитарлық ғылымдармен қатар жаратылыстану ғылымдарының аясында білім беруге бағытталған. Университетте 14000 неміс және шетелдік студенттер оқиды.

Философия және әлеуметтану институты

Болгария Ғылым академиясының Философия және әлеуметтану институты (София, Болгария) 2010 жылы құрылды. Философия және әлеуметтану институты білім, құндылықтар, адам және қоғам мәселелері бойынша кешенді теориялық және қолданбалы, социологиялық, философиялық және ғылыми зерттеулер жүргізеді әрі жоғары білікті мамандарды дайындайды.

Central Asian Partners

Назарбаев Университеті

НУ (Нұр-Сұлтан қ.) - 2010 жылы халықаралық бағытқа неігзделген және зерттеулер сапасын әлемнің үздік зерттеу университеттеріне тең деңгейге дейін арттыру мақсатында құрылған Университет. Университет 8 мектепте 4500-ге жуық студенттерге білім береді.

Қырғыз экономикалық университеті

1953 жылы құрылған ҚЭУ (Бішкек, Қырғызстан) Қырғыз Республикасындағы экономика саласында мамандарды даярлауға бағытталған жетекші оқу орны болып табылады. Университет экономика, менеджмент, бизнес, туризм және ақпараттық технологиялар саласындағы бағдарламаларды ұсынады.

Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті

WIUT Өзбекстанда орналасқан Британдық біліктілікпен Батыс стиліндегі білім беретін алғашқы халықаралық университет. Университет 2002 жылы құрылған және курстар Вестминстер университетімен (Ұлыбритания, Лондон) аккредиттелген. WIUT көптеген бағдарламаларды, академиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ қоғамдық іс-шараларды ұсынады.

Инновациялық Еуразия университеті

1991 жылы құрылған ИнЕУ (Павлодар қ., Қазақстан) шамамен 6000 студентке бакалавриат, магистратура және қосымша оқыту деңгейінде білім береді. Ірі аймақтық ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесі болып табылады.

Орталық Азиядағы Америка Унивеситеті

1993 жылы құрылған AUCA (Бішкек, Қырғызстан) американдық гуманитарлық ғылымдар дәстүрінің негізінде халықаралық көп салалы оқу қоғамдастығы болып саналады. Орталық Азиядағы Америка Унивеситеті 22 факультет аясында шамамен 1132 бакалавриат және 119 магистратура студенттеріне білім береді.

Бұхара мемлекеттік университеті

БМУ (Бұхара, Өзбекстан) - Өзбекстанның ең ірі ғылыми және академиялық орталықтарының бірі. Онда 13 факультетте жана 1 институтта 22 500 ден астам студент оқиды. БМУ бакалавриат, магистратура және докторантура курстарында академиялық бағдарламаларды ұсынады.